2026 ж. 13 наурызЖаңалықтар
Академиялық ұтқырлық аясында Esil University оқытушылары ЕАГИ студенттеріне сабақ өткізді
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Esil University мен А.Қ. Қусайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт арасында «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған офлайн сабақтар циклі өтті.
2026 жылдың 2 наурызынан 13 наурызына дейін Esil University «Қаржы» кафедрасының оқытушылары — э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жанар Лукпанова және PhD, доцент м.а. Олеся Мисник — «Салықтар және салық салу» және «Корпоративтік қаржы» пәндері бойынша сабақтар өткізді. Әрбір пән бір ECTS кредиті көлемінде жүзеге асырылды.

Оқыту офлайн форматта заманауи интерактивті әдістерді пайдалана отырып өтті. Сабақтар барысында практикалық кейстерді талдауға және жағдаяттық есептерді шешуге ерекше назар аударылды, бұл студенттерге теориялық материалды тереңірек түсінуге және оны практикада қолдануға мүмкіндік берді.
Студенттер жоғары деңгейдегі белсенділік көрсетті: талқылауларға белсенді қатысты, сұрақтар қойды және ұсынылған тапсырмаларды сәтті орындады. Оқытудың мұндай форматы болашақ қаржы саласы мамандарының аналитикалық ойлауы мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді.