Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Құрметті оқушылар!

2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Қағидаларының 4-тарауының 23-тармағына сәйкес 2025-2026 оқу жылының аралық аттестаттау қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына ақылы негізде білім алушылар үшін білім беру бағдарламаларының келесі топтары бойынша  конкурс жарияланады:

 

№ р/с

Білім беру бағдарламалар тобының атауы

Курс

Бос білім беру гранттарының саны

1

B055 Математика жәнестатистика

1

1

2

B057 Ақпараттықтехнологиялар

1

3

3

B090 Әлеуметтік жұмыс

1

1

4

M072 Менеджмент және басқару

1

2

5

M092 Математика жәнестатистика

1

1

 

Бұл конкурс GPA үлгерімінің орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.

Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы") деген, одан кейін А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+(жақсы) дейінгі бағалары бар білім алушылар, содан кейін барлық оқу кезеңінде аралас баға алған білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Конкурсқа қатысу үшін GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі оқуын білім беру гранты бойынша жалғастыруға ректордың атына өтініш жазу қажет.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 29 шілдеге дейін

 

 

 

 

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық