Негізгі мазмұнға өту
01ESIL антикоррупциялық саясаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматтың міндеті. ESIL сенім, жауапкершілік және заңды сақтау күнделікті тәжірибенің бөлігі болатын ашық академиялық орта қалыптастырады.

04Түсіндірме

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оған қалай қарсы тұруға болады

Жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымы ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестиция тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты негізде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің басты идеясы – жастармен кездесулер өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұру рухында тәрбиелеу.

Жастардың алған білімдері оларға өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен соқтығыспауға көмектеседі деп сенгіміз келеді.

Жастар жемқорлыққа қарсы!

Болашақ жас ұрпақтың қолында!

Терминология

Коррупция термині латынның «соггитреге» сөзінен шыққан, мағынасы бойынша «мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы» дегенді білдіреді, «парақорлық» терминінің мәні ретінде — лауазымды тұлғаның өзінің билік өкілеттіктері мен оған сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, бопсалау, әуре-сарсаңға салу жолымен, заңнама мен моральдық нормаларға қайшы келетін жеке пайда мақсатында пайдалануын білдіретін термин. Бұл термин көбінесе бюрократиялық аппарат пен саяси элитаға қатысты қолданылады. Тиісті терминде әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан туындайтын кеңірек семантика, сондай-ақ этикаға жатпайтын мінез-құлық болады.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айта отырып, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті.

Сіздер, жастар, сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, жалпыға ортақ мәселелерді шешуге қажетті біліммен қарулансыздар. Сіздерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге негізделген мүдде бар. Көп жағдайда қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі әрекет етуші тұлға — үкімет пен жеке сектор тартылған. Әдетте, азаматтар сыбайлас жемқорлықтың басты құрбаны болып шығады. Қоғамдастықтың, оның ішінде біздің жастарымыздың да мемлекеттік шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық әрекетін бақылау, анықтау және тыю қабілеті жергілікті мәселелерді зерттеу арқасында артады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін қоғамның барлық топтарының жүйелі күш-жігері қажет.

Сыбайлас жемқорлық жіктемесі

Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции» от 18 ноября 2015 года № 410-V (статья 1, подпункт 6) определяет коррупцию как «незаконное использование лицами, занимающими ответственную государственную должность, лицами, уполномоченными на выполнение государственных функций, лицами, приравненными к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, должностными лицами, должностными лицами иностранного государства или международной организации своих должностных (служебных) полномочий и связанных с ними возможностей в целях получения или извлечения лично или через посредников имущественных (неимущественных) благ и преимуществ для себя либо третьих лиц, а равно подкуп данных лиц путем предоставления благ и преимуществ».

БҰҰ құжаттарында қолданылатын сыбайлас жемқорлықтың халықаралық-құқықтық анықтамасы былай көрінеді: сыбайлас жемқорлық — бұл

жеке мақсатта, үшінші тұлғалар мен топтардың мүддесі үшін пайда табу мақсатында мемлекеттік билікті теріс пайдалану.

Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қызмет бабын жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі – пара алу.

Пара деген не? Бұл лауазымды адамның басқа адамнан ақша немесе өзге де игіліктерді алуы, олар үшін ол өзі атқаратын лауазымына байланысты қандай да бір қызметтер көрсетеді. Бұл ретте аталған ақша мен игіліктерді әрқашан пара алушының өзі ала бермейді, көбінесе олар оған жақын адамдарға немесе жалған ұйымдарға берілуі мүмкін. Пара болуы мүмкін:

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк чектері мен бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомобильдер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түлік өнімдері, тұрмыстық техника мен аспаптар, басқа да тауарлар, жер учаскелері және өзге де жылжымайтын мүлік.

Қызметтер мен пайдалар - емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторийлік және туристік жолдамалар, шетелге сапарлар, ойын-сауық пен басқа да шығыстарды өтеусіз немесе төмендетілген құн бойынша төлеу

Жемқорлық неліктен соншалықты қауіпті?

Көптеген адамдар пара беру мен сыбайлас жемқорлықты өздері үшін пайдалы немесе, әйтеуір, зиянсыз құбылыс деп санайды:

  • «Мұнда не жаман нәрсе бар? Иә, мен көбірек төледім, бірақ техникалық тексеруден ешқандай қиындықсыз өттім, әрі уақытымды үнемдедім».
  • «Диплом сатып алдым, баламды беделді жұмысқа орналастырдым». Бұдан кімге жаман?».

Түптеп келгенде, бұл бәріне «жаман» ғана емес, әркім үшін қауіпті де, өйткені заң билігі әділетсіз болса, ол кез келген адамды сындырып, депрессияға және оқшаулануға әкеп соғуы мүмкін.

Түсінуге тырысайық. Біз бәріміз түрлі салықтар төлейміз. Алайда табысымыздың белгілі бір бөлігін мемлекетке бере отырып, оның әлеуметтік қызметтерді: тегін білім беруді, денсаулық сақтауды, инфрақұрылым жасауды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыратынын болжаймыз.

Мемлекеттік қаражатты бөлу сыбайлас жемқорлық схемасы бойынша жүргенде не болады?

Мысал: Мемлекеттік орган келісімшарт жасасады

ауруханаларды салу не жөндеу. Шарт жасасу барысында жекелеген мемлекеттік қызметші өкілдері онымен «сенімді қарым-қатынасқа» түскен фирманың шартты алуы үшін пара алады. Алайда қайтарым шығындары есебінен ешбір фирма өзіне зиян шектіріп жұмыс істемейді. Сондықтан «Жасыл жарық» алған мұндай фирма жұмыстар мен пайдаланылатын материалдардың сапасын төмендетеді, әрі олардың құнын да арттырады. Нәтижесінде бүкіл қоғам зардап шегеді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамға зиян келтіріп қана қоймай, нәтижеге де кепілдік бермейтінін ұмытпаған жөн! Өйткені сыбайлас жемқорлық схемасында көбірек бере алатын адам ұтады. Бірақ ең қорқыныштысы, сыбайлас жемқорлық қызметімен айналысу адамның өз санасына және оның жақындарына сөзсіз залал келтіреді, дүниетанымды бұрмалайды.

Бұл әлеуметтік қауіпті құбылысқа қарсы күрестің өзектілігі бірқатар жағдайларға байланысты

  • сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының елеулі түрде бұзылуына әкеледі;

  • сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілері, әдетте, жоғары қоғамдық жағдайға ие болады;

  • жасаудың аса күрделі-зияткерлік тәсілдері; бұл құбылыс әртүрлі жағдайларға бейімделіп, үздіксіз өзгеріп әрі жетіліп отырады;

  • осы әрекетпен келтірілетін орасан зор материалдық және моральдық зиян;

  • ерекше латенттілік - бұл құбылыс туралы толық деректер немесе кем дегенде өкілді дәлелдер жоқ, қылмыстық сот алдына шығатын кінәлі тұлғалар одан да аз, ал олардың тек бірлі-жарымына ғана нақты қылмыстық жаза тағайындалады;

  • сыбайлас жемқорлық тек жасырын ғана емес, сонымен қатар келісімдік сипатта жасалады, ол, әдетте, шағымдарға әкеп соқтырмайды, өйткені кінәлі тараптар заңсыз мәміледен өзара пайда табады;

  • сыбайлас жемқорлық әрекеттері әдетте маманнан тыс адамға түсіну қиын болатын мемлекеттік қызметтің күрделі, ерекше және құпия түрлерінде жасалады;

  • сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратты елеулі түрде масқаралайды, оның беделін түсіреді;

  • аталған құбылыс мемлекеттік-биліктік құрылымдарда тез таралады;

  • негізінен, заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар сыбайлас жемқор лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекетінің объектісіне айналуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген тізбе түбегейлі болып табылмайды, бірақ ол да дәл қазір сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша теориялық ережелерді әзірлеуде де, күнделікті, практикалық жұмыста да өткір қажеттіліктің туындағанын куәландырады. Алайда қандай да бір жағымсыз құбылысқа қарсы тұруға шақырмас бұрын, оны нақты әрі айқын анықтап, осы зұлымдықтың себептері мен механизмін түсіну қажет.

Жемқорлыққа қарсы тұруға бола ма?

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмысы үздіксіз жүргізіліп, тұрақты түрде жетілдіріліп отырады. Әлемде барлық елдер үшін оңтайлы болатын сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірегей тетіктер жиынтығы жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістері жиынтығының ерекшелігі бірегей және ол саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрып пен дәстүрлерге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып жатқан аумақтың ауданына, халықтың тығыздығына, санына да байланысты.

Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың көрінісіне тап болсаңыз:

Сыбайлас жемқорлық фактілері және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз:

+7 775 901 4301

немесе № 217 кабинет

Бұзушылықтар туралы ресми арна арқылы хабарлаңыз

Егер сіз сыбайлас жемқорлық тәуекеліне тап болсаңыз немесе сұрақ қойғыңыз келсе, ESIL кері байланыс формасын пайдаланыңыз.

Өтініш беру