Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Есеп және аудит» кафедрасының дөңгелек үстелі сәтті өтті

«Есеп және аудит» кафедрасының апталығы аясында сәтті дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар ретінде «Есеп және аудит» кафедрасының э.ғ.к., доценттері Қажмұхаметова А.А. және Айтқожина Л.Ж. шықты.

«Бизнес және басқару» факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент профессор Алина Г.Б. барлығын Бухгалтер күнімен құттықтады, дөңгелек үстел тақырыбының маңыздылығын атап өтті және қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес жүргізілетін бухгалтерлік есеп кез келген бизнестің өркендеуінің кепілі болатынын атап өтті.

«Есеп және аудит» кафедрасының дөңгелек үстелі сәтті өтті«Есеп және аудит» кафедрасының дөңгелек үстелі сәтті өтті

Дөңгелек үстелге кафедраның студенттері мен магистранттары, сондай-ақ қонақтар — жетекші компаниялардың өкілдері қатысты: экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Алтынсара Садиева, «BI Group» АҚ персоналмен есеп айырысу бөлімінің бас бухгалтері Анель Тусбекова, «NORGAU Central Asia» ЖШС-нің клиенттермен жұмыс жасаудағы бас менеджері Асия Шинабекова. Жиынды э.ғ.к., доцент Қажмұхаметова А.А. жүргізді.

Іс-шарада қазіргі іскерлік ортадағы бухгалтерлік қызметтің рөлі талқыланды. Мақсаты — сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есептің бизнес дамуына тигізетін әсерін қарастыру болды.

Іс-шара барысында бухгалтерлік есептің бизнес-процестер үшін маңыздылығы да қоса алғанда, оның әртүрлі аспектілері талқыланды. Бизнес өкілдері өз тәжірибесімен және практикалық мысалдармен бөлісті.

Дөңгелек үстелді аяқтай отырып, ұйымдастырушылар өткізілген іс-шарадан қанағаттанушылықтарын білдірді және болашақта ұқсас бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жаңалықтарға