Esil University ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аяпберген Таубаев «Санат» Білімді дамытудың ұлттық ғылыми орталығы ұйымдастырған «Денсаулық сақтаудағы прогресс және даму: клиника, фармация және аккредиттеу» (PDH'25) Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясында қатысты.
Ол қатысушыларға Esil University-де жүзеге асырылатын Executive MBA «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламасын таныстырды. Ол бағдарламаның мақсаттары, халықаралық серіктестер, оқытушылар құрамы және оқытудың негізгі модульдері туралы айтты.


