«Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» кафедрасында «Білімді пайдаланып, жұлдыздарды жақтыр» ұранымен Physics Battles зияткерлік байқауы өтті.
Ойынның мақсаты: оқушыларды пәнді тереңірек және жан-жақты зерттеуге ынталандыру, физика сабақтарына деген қызығушылықты дарыту.
«Ақпараттық жүйелер» ББ 2 курс студенттері 2 командаға бөлінді: «Kinetics» (команда капитаны Саян Барлыбаев) және «Ядерлік мутанттар» (команда капитаны Сергей Қалмыков) — интеллектуалдық жекпе-жекте олар физика бойынша терең білімдерін ғана емес, физикалық тақырыптардағы жұмбақтарды шешудегі тапқырлықтарын да көрсетті, тәжірибелер жасап, оларды түсіндіруге тырысты, физикалық терминдерді қолдана отырып «Бір рет Esil University-де…» деген оқиға-приключение жазды.
Қатал қазылар алқасы физикалық шайқастың қорытындысын «Kinetics» командасы пайдасына бағалады.
Студенттер АЖжТ кафедрасының доценті Қасенова Лейла Ғалымбекқызына қызықты, тартымды сабақтары, оқытуға деген ықыласы, өз қабілеттеріне сенімділік ұялату үшін алғысын білдірді.