23 сәуірде «Мансап» аптасы аясында «EASY TOUR» туристік агенттігінің директоры Маржан Муслимбекованың қонақ дәрісі өтті. Іс-шараның бастамашысы «Туризм» білім беру бағдарламасының жетекшісі Гиззатжанова А.Г. болды.
Дәріс барысында шақырылған спикер практикалық тәжірибесімен бөлісіп, туризм және туристік агенттік қызмет саласындағы жұмыстың ерекшелігін баяндады. Туристік нарықтың заманауи тенденцияларына, клиенттермен өзара іс-қимылға, тиімді қызмет көрсетуді қалыптастыруға және сала мамандарының тап болатын қиындықтарға ерекше назар аударылды.


