Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University «ҚМА: ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатысты

25 маусымда астананың Конгресс-Орталығында Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған «АФМ online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті. Esil University-ден іс-шараға ректор, экономика ғылымдарының докторы Аяпберген Таубаев, оқытушылар мен жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Форум халықтың, әсіресе жастардың және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің — Агенттік деректері бойынша алаяқтар тарапынан ең көп тәуекелге ұшырайтын санаттардың — қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Esil University «ҚМА: ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатыстыEsil University «ҚМА: ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатысты

Форум бағдарламасы интерактивті форматта құрылып, аудиторияға заманауи қаржылық қауіптер туралы маңызды ақпаратты қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік беретін театрландырылған қойылымдарды, перформанстарды және скетчтерді қамтыды.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан шыққан спикерлер қаржылық пирамидалардың, интернет-алаяқтықтың, дроппершіліктің, дипфейктердің және басқа да өзекті құқық бұзушылық түрлерінің жұмыс тетіктері туралы айтып берді.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары жиналды.

Жаңалықтарға