Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттерінің Астана ПД-мен кездесуі

Esil University-де «Ақпараттық технологиялар» және «АТ және деректерді қорғау» бағыттары бойынша оқитын студенттер мен Астана қаласы ДП Жедел-криминалистикалық басқармасының өкілдері арасындағы кездесу өтті.

Іс-шара аясында цифрлық технологиялар дәуіріндегі жеке деректерді ұрлаудан бастап зиянды бағдарламаларды таратуға дейінгі қауіптердің кең ауқымын қамтитын киберқылмыс мәселелері талқыланды.

Esil University студенттерінің Астана ПД-мен кездесуіEsil University студенттерінің Астана ПД-мен кездесуі

Басқарма өкілдері студенттерге құқық қорғау органдарындағы мансаптық өсу мүмкіндіктері, ІІО қызметіне қабылдану тәртібі және IT-мамандардың киберқылмысқа қарсы күрестегі рөлі туралы айтты. Кездесу студенттерге ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау саласында білімдерін қолданудың перспективалары туралы толығырақ білуге мүмкіндік берді.

Жаңалықтарға