Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Университетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өтті

8 сәуірде Esil University-де Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ СЖРА ҚР) қатысуымен ұйымдастырылған «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.

Лектор ретінде ҚР МЖБА ҰСБ Ақпараттық-есептеу орталығы МКК басқару бөлімінің директоры Ақмарал Тоқбергенова сөз сөйледі.

Университетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өттіУниверситетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өттіУниверситетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өтті

Ақмарал Токбергенова является экспертом в области цифровых решений и технологий обработки данных в государственной статистике. В своей профессиональной деятельности она занимается вопросами автоматизации статистических процессов, внедрения цифровых платформ и развития сервисов для пользователей статистической информации.

Дәрісте қамтылған негізгі тақырыптар: статистикалық деректерді жинау мен өңдеу процестерінің цифрлық трансформациясы; ҰСБ-да қолданылатын заманауи IT-шешімдер; респонденттермен өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыру; электрондық есептілік және статистикалық портал; Қазақстан статистикасындағы цифрлық сервистердің даму перспективалары.

Іс-шараға Esil University мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Статистика», «Есеп және аудит», сондай-ақ басқа да дайындық бағыттарының білім беру бағдарламалары студенттері қатысты.

Қонақ дәрісі студенттерге мемлекеттік статистикада цифрлық технологияларды қолданудың нақты кейстерімен танысуға мүмкіндік берді, заманауи IT-құралдар мен олардың аналитикалық қызмет үшін маңызы туралы түсінікті кеңейтті.

Жаңалықтарға