2024 жылдың 29 қарашасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Салтайұлы Ержановпен және Esil University-дің «Есеп және аудит» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен дөңгелек үстел өтті.
Тақырып «Нұрымов А.А., э.ғ.д., профессордың ғылыми еңбектерінің ҚР қаржы ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы» деп аталады. Сондай-ақ салықтық есеп және аудит бағыты бойынша мәселелер қаралды. Бұдан басқа, ол практиктерді оқу үдерісіне кіріктірудің маңыздылығын атап өтті. Салық органдарынан, аудиторлық компаниялардан және ірі кәсіпорындардан сарапшылар шақыру, сондай-ақ мастер-кластар мен тренингтер өткізу студенттердің нақты кәсіби міндеттерді тереңірек түсінуіне ықпал етеді. Сөзін аяқтай келе, профессор Ержанов білім беру бағдарламаларын дамыту студенттерде сын тұрғысынан ойлау, кәсіби этика және инновацияларға дайындық дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Ол дөңгелек үстел қатысушыларын тәжірибемен белсенді алмасуға және салықтық есеп пен аудит саласындағы жоғары оқу орындары аралық ынтымақтастықты дамытуға шақырды.


