Мансап аптасы аясында «Менеджмент» кафедрасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің басқарма басшысы, тәжірибелік оқытушы Айдын Имашевтің қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Дәрістің тақырыбы — «Мемлекеттік қызмет — халыққа қызмет».
Баяндама барысында спикер мемлекеттік қызметке кірудің негізгі кезеңдерін, конкурстық іріктеудің ерекшеліктерін, үміткерлерге қойылатын талаптарды, сондай-ақ тестілеу мен сұхбаттасу рәсімдерін егжей-тегжейлі баяндады. Қатысушыларға іріктеу кезеңдеріне дайындалу бойынша практикалық ұсыныстар берілді, жұмысқа орналасу кезінде жіберілетін типтік қателер де қарастырылды.

