Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

ESIL UNIVERSITY-де жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Esil University-де ГМ «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен», Астана қалалық әкімдігінің КММ «Астана жастары» МРО-мен және Астана қалалық әкімдігінің КММ «Еңбек мобильділігі орталығымен» бірлесіп жұмыс жәрмеңкесі өтті.

Жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 55 жұмыс беруші қатысты, олар мемлекеттік органдарды, қаржылық институттарды, екінші деңгейдегі банктерді, ұлттық мұражайларды, бағалау компанияларын және т.б. ұсына отырып, жұмысқа орналасудың кең ауқымды мүмкіндіктерін таныстырды.

ESIL UNIVERSITY-де жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өттіESIL UNIVERSITY-де жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Бізде енді жұмыс орындары жәрмеңкесі — дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл жылына екі рет болады. Бірінші жәрмеңке — күзде, ал екіншісі — көктемде. Мұндай жәрмеңкелер ең алдымен жұмыс берушілерге біздің студенттерді тікелей жұмысқа алуға, олларға бос орындарын көрсетуге, талаптарын айтуға мүмкіндік береді», — деп баяндады Esil University-дің профессоры, э.ғ.д., ректоры Аяпберген Таубаев.

Жұмыс орындарының жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларын таныстырды, бар бос орындарды ұсынды және жәрмеңке қатысушылары үшін кеңестер өткізді.

Атап өтейік, МӘСҚО деректері бойынша Esil University түлектерінің 85%-дан астамы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасады.

Жаңалықтарға