Ғылым қызметкерлері күніне орай Esil University-де «Жастар және XXI ғасыр ғылымы: шындық пен болашақ» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, онда түрлі елдердің студенттері, оқытушылары мен ғалымдары бас қосты.
Конференция экономика, басқару, құқық, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы өзекті ғылыми мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және зерттеу жобаларын ұсыну алаңына айналды. Барлығы 234 баяндама тыңдалды.
Пленарлық отырыста 9 қатысушы мазмұнды және өзекті баяндамалармен сөз сөйледі:
- Әмре Әсел Жеңісқызы – магистрант 1 курса ОП «Судебная экспертиза» Юридического факультета Евразийского Национального университета имени Л.Н.Гумилева г. Астана
- Жумагулов Азамат Болатович – ҚР БА жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 1-курс магистранты, Астана қ.
- Бекжанова Мадина Қалдыбайқызы – студент 2 курса ОП «Учет и аудит», Учреждение «Esil University», г. Астана
- Мақсұтова Аружан – «Esil University» мекемесі, Астана қ., «Digital маркетинг» ББ 3-курс студенті
- Го Цзе – Владивосток мемлекеттік университетінің аспиранты, Ресей Федерациясы, Владивосток қ. (онлайн-қатысу)
- Уматалиева Гулсевар – Өзбекстан мемлекеттік дүниежүзілік тілдер университетінің 2-курс магистранты, Ташкент қ., Өзбекстан (онлайн-қатысу)
- Алиев Әділ Серікұлы – студент 2 курса ОП «Информационные технологии и защита данных», Учреждение «Esil University», г. Астана
- Қанатова Аяулым Қанатовна – М.С. Нарықбаев атындағы ҚАЗГЗУ студенткасы, Астана қ.
- Калача Артем – Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің докторанты (РФ, Мәскеу қ.) (онлайн-қатысу)
Конференция екі кезеңде өтті: пленарлық отырыс және кафедралардың секциялары бойынша жұмыс. Секциялық отырыстар аясында қатысушылар тақырыптық баяндамаларды тереңірек талқылап, пікір алмасты және оқытушылар мен ғылыми жетекшілерден сараптамалық ұсынымдар алды.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздар анықталды. Студенттерге I, II және III дәрежелі дипломдар, сондай-ақ белсенді қатысқаны және ғылыми диалогтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды. Үздік баяндамалар конференция материалдары жинағында жариялауға ұсынылды.
Іс-шара студенттік ғылымның жоғары деңгейін растады және пәнаралық пен халықаралық ынтымақтастыққа дайын зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыру жолындағы маңызды қадамға айналды.