Esil University-де Байқоңыр ауданының әкіматымен бірлесіп, Астана қаласының «Эко-Хаб» жетекшісі Гүлнар Ханның қатысуымен «Экологиялық және рухани тазалықтың үйлесімі» тақырыбында мазмұнды дәріс өтті. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақта экологиялық сана қалыптастыру, табиғатқа деген жауапты көзқарасты дамыту және экологиялық мәдениетті күнделікті өмірге енгізу.
Дәріс барысында қатысушыларға тұрақты даму мақсаттары, тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі, пластиктің түрлері және олардың қоршаған ортаға әсері туралы толық ақпарат берілді. Спикер «жасыл» кеңсенің заманауи тұжырымдамалары, қайта өңдеу мәдениеті және экологиялық дағдыларды қалыптастыру жолдарының практикалық мысалдарын келтірді.


