«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері үшін «S.O.S. Детская деревня Астана» ЖШС-нің әлеуметтік жетімдікті болдырмау жөніндегі директор орынбасары Шубина М.Я. қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
Лекцияның тақырыбы «S.O.S. Балалар ауылы Астана» ҚҰ жұмысының технологиясы, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен жұмыс, қазіргі әлемде әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік жұмысты дамытуда жастардың рөлінің маңыздылығы тақырыбы да сөз болды.


