«Есеп және аудит» кафедрасының апталығы шеңберінде «Аксиома» ЖШС бас директоры Пересыпкина Ю.А. қатысуымен «Ұйымның есеп саясатындағы бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерін бейнелеу» тақырыбында қонақ дәріс өтті, ұйымдастырушы «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Михайлина И.Н., кездесуге «Есеп және аудит» мамандығының 4-курс студенттері қатысты.
Өзекті мәселелер қарастырылды: бухгалтерлік есеп әдісі және оны құрайтын элементтер, есеп саясаты және оның бөлімдері. Қазақстан ұйымдарының есеп саясатында бухгалтерлік есеп әдісінің барлық негізгі элементтері көрсетіледі: құжаттандыру, бағалау, түгендеу, калькуляциялау, шоттарды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәсілдері. Бұл ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді және есептік деректердің сенімділігіне кепілдік береді. Кездесуде белсенді талқылау өтті. Студенттер мен оқытушылар өзекті сұрақтар қойды.


