Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өтті

Esil University-де British Council-дің жаһандық әріптестікті дамыту бағдарламасын таратқызу аясында «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты воркшоп өтті.

Семинардың мақсаты транснационалдық білім берудің принциптері туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру, сондай-ақ қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге үйрету және шетелдік университеттермен әріптестікті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттармен қатысушыларды таныстыру болды.

Esil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өттіEsil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өтті

Воркшоп барысында қатысушылар қос дипломды білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, олардың университеттер мен студенттер үшін маңызын, сондай-ақ шетелдік серіктестерді таңдау, оқу жоспарларын әзірлеу және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараның фасилитаторлары ретінде оқу үдерісін жоспарлау және мониторинг басқармасының бастығы Бағлан Жарлғасова және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Элмира Заданова шықты.

Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушыларға оқу бағдарламасына қатысқандықтарын растайтын сертификаттар табысталды.

Жаңалықтарға