PR-қызметінің қызметкері Абдилдина Тамирис профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерге университеттің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын басқару бойынша оқу семинарын өткізді.
Семинар барысында қатысушылар Instagram, Facebook, Tik-Tok және Telegram-дағы ресми беттерді жүргізудің негізгі принциптерімен, жарияланымдарды жылжытудың алгоритмдерімен, сондай-ақ аудиториямен өзара іс-қимыл әдістерімен танысты. Университеттің оң имиджін қалыптастыру, білім беру бағдарламаларының танымалдығын арттыру және цифрлық платформалар арқылы абитуриенттерді белсенді тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
