2024 ж. 31 қазанЖаңалықтар
Esil University-де «Сергек өмір — өмір нормасы!» тақырыбында семинар өтті
Esil University-де ЗСӨ дәрігері Анет М.А. әлеуметтік қызметкер Жуспекова А.Ж.-мен бірлесіп ұйымдастырған алкогольдік ішімдіктерді пайдаланудың алдын алуға арналған семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамның алкогольдің теріс салдарларына назарын аудару және оны пайдалануға деген теріс көзқарасты қалыптастыру болды.
Семинардың міндеттері арасында алкоголь тұтынуға деген ынтымақтастық жауапкершілікті арттыру, оны теріс пайдаланудың қолайсыз салдарын ұғыну, сондай-ақ жастардың денсаулығын нығайтудағы отбасының рөлін дамыту белгіленді.
Студенттер сонымен қатар Алкогольден бас тарту ұлттық күніне орай «Салауаттылық – өмір нормасы» сауалнамасын толтырды.