Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Парламентаризм институтының заң шығару процесіндегі рөлі талқыланды

Esil University-де заң шығармашылық процесіндегі Парламентаризм институтының рөліне арналған іс-шара өтті. .

Спикер ретінде Парламентаризм институты директорының кеңесшісі, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Владимир Васильевич Воловков және Парламентаризм институтының бас маманы, PhD докторы Сәулен Нұржан сөз сөйледі.

Esil University-де Парламентаризм институтының заң шығару процесіндегі рөлі талқыландыEsil University-де Парламентаризм институтының заң шығару процесіндегі рөлі талқыланды

Кездесу барысында заң шығармашылық қызметінің негізгі аспектілері, ғылыми институттардың заң шығару бастамаларын әзірлеуге қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық жүйесін жетілдіру перспективалары талқыланды. Спикерлер заңдарды қалыптастыру механизмдері мен мемлекеттік органдардың ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылы туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара студенттер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, құқық және мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды дискуссиялық алаңға айналды.

Жаңалықтарға