«Экономика және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы, куратор Гүлмира Уалиханқызы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік рәміздер күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Гүлмира У. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің — туының, елтаңбасы мен әнұранының — жасалу тарихы мен мәні туралы айтып берді. Студенттер сұрақтар қойып, ұсынылған материалды белсенді түрде талқылады.


