Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері «Құқықтық дәріхана» акциясына қатысты

Астана қалалық әкімдігінің бастамасымен «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» қалалық акциясы өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырылды.

Esil University-дің «Құқық» және «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімінің 2-курс студенттері куратор, «Құқық» кафедрасының доцент м.а., заң ғылымдарының кандидаты С.Т. Кемелбековпен бірге өз құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатындағы акцияға қатысты.

Esil University студенттері «Құқықтық дәріхана» акциясына қатыстыEsil University студенттері «Құқықтық дәріхана» акциясына қатысты

Қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары мен олардың құқықтарын қорғау механизмдері бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ тұрғын үй, медицина, білім беру, кәсіпкерлік және басқа бағыттарға қатысты сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Жаңалықтарға