Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де халықаралық конференция басталды

Esil University-де 2026 жылдың 5-31 қаңтары аралығында өтетін «Жасанды интеллект, инклюзия және академиялық адалдық: инновациялар мен білім беру құндылықтарының теңгерімі» атты Халықаралық оқу-әдістемелік конференцияның салтанатты ашылуы болды.

С приветственным словом конференцию открыл Мақыш Серік Биханұлы, Первый проректор – проректор по академическим вопросам, доктор экономических наук, профессор. В своём выступлении Серік Биханұлы подчеркнул стратегическую роль искусственного интеллекта в модернизации высшего образования, необходимость сохранения академических ценностей и важность институциональной ответственности университетов в условиях цифровой трансформации.

Esil University-де халықаралық конференция басталдыEsil University-де халықаралық конференция басталдыEsil University-де халықаралық конференция басталдыEsil University-де халықаралық конференция басталды

Пленарлық отырыстың модераторы қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы, ассоцирленген профессор Мухамеджанова Айгул Айтмагамбетовна болды, ол конференцияның негізгі мақсаттарын белгіледі, пленарлық сессия бағдарламасын ұсынды және талқыланатын мәселелердің пәнаралық сипатына назар аударды.

Жетекші сарапшылар пленарлық баяндамалармен сөз сөйледі:

  • Ковалева Ярослава Николаевна — п.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ инклюзивтік қолдау орталығының жетекшісі. Баяндамасында ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытудағы мамандардың пәнаралық өзара іс-қимылы мәселелерін ашып, команда тәсілінің маңыздылығын атап өтті.
  • Нугманова Ляззат Бегиспаевна — «DataMatrix Corp» ЖШС директорының орынбасары. Баяндама жасанды интеллектті кәсіби және басқарушылық қызметте қолданудың практикалық аспектілеріне, сондай-ақ жұмыс процестерінің тиімділігін арттыруға арналды.
  • Оринина Лариса Вячеславовна — п.ғ.к., доцент, Тәжікстан ұлттық университетінің (Душанбе, Тәжікстан) шетелдік серіктестермен жұмыс және академиялық ұтқырлық секторының бастығы. Өз баяндамасында Лариса Вячеславовна жоғары білімді интернационалдандыру және халықаралық стратегиялық серіктестік тәжірибесін ұсынып, университеттердің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы академиялық ұтқырлықтың, консорциумдардың және бірлескен білім беру бағдарламаларының рөлін атап өтті.
  • Карипова Асель Исенкельдыевна — з.ғ.к., Esil University «Құқық» кафедрасының доценті. Асель Исенкелдіқызы жоғары білім жүйесіндегі инклюзияның өзекті мәселелері мен даму перспективаларын баяндады.

Пленарлық отырыс белсенді талқылаумен аяқталды, бұл қозғалған тақырыптардың жоғары өзектілігін және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.

Жаңалықтарға