«Esil University» мекемесінің «Қазан мемлекеттік энергетика университеті» (ҚМЭУ) Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесімен ынтымақтастығы аясында социология ғылымдарының кандидаты, доцент Бурганова Танзиля Ахметкаримовнамен кездесу өтті.
Кездесу аясында «Менеджмент» БП магистранттары үшін «Персоналды басқарудағы жасанды интеллект: күтулер мен шындық» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.


