Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Тур 25/1 тобы үшін «Тәуелсіздік ұрпағы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, куратор Қурманғалиева Ж.Қ. ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты патриотизмді нығайту, ұлттық құндылықтар мен елдің тарихи мұрасына деген құрметті қалыптастыру болды. Кураторлық сағат барысында студенттер Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызына арналған баяндамалармен сөйледі, сондай-ақ талқылауға белсене қатысты.


