«Қаржы» кафедрасының оқытушылары — э.ғ.к., доцент Джумабекова А.Т. және э.ғ.м., аға оқытушы Есенгелдинова С.Ж. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ базасындағы кафедра филиалында екінші деңгейлі банк өкілдерімен және «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара аясында «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес бөлімінің бастығы Захир Әлиев сәлемдеме сөз айтып, банктік өнімдерді таныстырды. Кездесу барысында корпоративтік банк секторының дамуының өзекті мәселелері, заңды тұлғалармен жұмыстың ерекшеліктері, сондай-ақ қаржы-банк саласындағы заманауи мамандарға қойылатын талаптар талқыланды. Кездесу аралас форматта өтті. Студенттер екінші деңгейдегі банктерде, атап айтқанда «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-да өндірістік тәжірибе өткен сәттерімен бөлісті.


