Университетте «Баланың құқығы — қауіпсіз және бақытты болашақтың кепілі» тақырыбында тренинг форматында кураторлық сағат өтті. Кездесудің бастамашысы және жүргізушісі ретінде 1 курстың кураторы, «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Жақұпова Гүлмира сөз сөйледі. Тренингке Б-ӘЖ 25/1 К тобының студенттері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың психологиялық денсаулығын нығайту, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және баланың негізгі құқықтары туралы білімдерін кеңейту болды.
Тренинг интерактивті форматта құрылып, бес тақырыптық блокты қамтыды. Қатысушылар психологиялық сауаттылық пен буллингтің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен ерте жүктіліктің, цифрлық қауіпсіздіктің, қауіпсіз инклюзивті ортаны қалыптастырудың алдын алу мәселелерін, сондай-ақ балалар еңбегі мен балалар саудасы проблемаларын талқылады. Күрделі жағдайлардағы әлеуметтік тәуекелдер мен іс-қимыл алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында студенттер талқылауға белсенді қатысты, пікірлерін бөлісті және нақты өмірлік жағдайларды талдады. Тренинг рефлексиямен аяқталды: әрбір қатысушы өзі білген маңызды ақпаратты, алған пайдалы кеңесті және қабылдауға дайын жеке шешімін атап өтті.