Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Дрон операторы: перспективалар мен артықшылықтар. AARDVARK директорының Esil University-дегі қонақ дәрісі»

Esil University-де «AARDVARK (ААРДВАРК)» ЖШС директоры Дмитрий Ивановтың қатысуымен қонақ дәріс өтті. Іс-шара «Дрон операторы — болашақ мамандығы. Артықшылықтары мен перспективалары» тақырыбына арналды.

Дәріс Esil University Мансап орталығы мен «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында Дмитрий Иванов дрондарды басқару саласындағы қазіргі тенденциялар туралы бай тәжірибесімен және білімімен бөлісті. Ол осы мамандықтың артықшылықтары мен перспективаларын баяндады, дрондарды әр түрлі қызмет салаларында қолданудың маңызды аспектілерін талқылады, сондай-ақ осы саладағы кәсіби дамудың маңыздылығын атап өтті.

«Дрон операторы: перспективалар мен артықшылықтар. AARDVARK директорының Esil University-дегі қонақ дәрісі»«Дрон операторы: перспективалар мен артықшылықтар. AARDVARK директорының Esil University-дегі қонақ дәрісі»

Университеттің студенттері мен оқытушылары өзекті тақырыппен танысуға, дрондар саласындағы соңғы технологиялық жетістіктер туралы білуге және осы салада мансаптық өсудің болашақ перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.

Жаңалықтарға