«Esil University»-де «Құқық» кафедрасының доценті, м.а., з.г.к. С.Т. Кемелбеков 2-курс кураторы ретінде 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын талқылау аясында «Құқық», «Бизнес-құқық» және «Кеден ісі» бағдарламаларының студенттеріне куратор сағатын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерді құжаттың негізгі ережелерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерімен таныстыру: студенттер арасындағы және балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, буллинг, психологиялық ахуал, балалар саудасы, цифрлық ортадағы балаларды қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.


