24 сәуірде Мансап аптасы аясында «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында «Қазақстанның телекоммуникациялық қызметтер нарығы: экономикалық көрсеткіштер, инвестициялар және шығындарды басқару» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәрісші ретінде «ТемірТрансСервис» ЖШС цифрландыру жөніндегі бас директордың орынбасары Дархан Абдрахманов сөз сөйледі. Дәріс аясында ол елдің телекоммуникация секторының даму үрдістері мен динамикасы, саланың негізгі экономикалық көрсеткіштері, инвестициялық тартымдылық мәселелері, сондай-ақ шығындарды тиімді басқару тәсілдері туралы өзекті ақпарат берді.


