Тәрбие жұмысы шеңберінде және « Экономика және Маркетинг» тақырыбына куратор сағаты өткізілді «Академиялық адалдық — студенттің кәсіби және жеке жауапкершілігінің негізі» .
Куратор Замбинова Зәуре Болатқызы студенттерге білім беру үдерісіндегі академиялық адалдықтың маңызы, оқу тапсырмаларын адал орындау принциптері, плагиат, көшіру және адал емес мінез-құлықтың басқа түрлерінің жол берілмейтіндігі туралы айтып берді. Студенттердің оқуға саналы қатынасын қалыптастыруға, сыни ойлауды және зияткерлік еңбекке құрметті дамытуға ерекше назар аударылды.


