Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттеріне қаржылық алаяқтардан қорғану туралы дәріс

Esil University студенттері үшін «XXI ғасырдың сандық тұзақтары» немесе «Қаржылық алаяқтардан қалай сақтануға болады» тақырыбында дәріс өтті.

Дәрісті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан Ашиханов және ITU профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, PhD Гайни Муханова өткізді.

Esil University студенттеріне қаржылық алаяқтардан қорғану туралы дәрісEsil University студенттеріне қаржылық алаяқтардан қорғану туралы дәріс

Дәріс барысында ақпараттық технологиялардың дамуымен барған сайын өзекті бола түсетін қаржылық қылмыс мәселесі қарастырылды. Сарапшылар студенттерге цифрлық алаяқтық туралы, алдаудың кең тараған әдістері туралы айтып берді, сондай-ақ интернеттегі қаржылық тұзақтардан қорғанудың практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

Дәрістің мақсаты — жастардың қаржылық қылмыстармен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру және цифрлық кеңістіктегі жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңестер беру.

Жаңалықтарға