Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Qamqor-Astana» дәріскері Esil University-де зайырлы мемлекет туралы дәріс оқыды

«Qamqor-Astana» ақпараттық-түсіндіру тобының лекторы және дінтанушысы Қуатов Арулан Esil University-де «Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді. Ол студенттерге «зайырлы мемлекет» ұғымының мәні мен маңызы туралы айтып, барлық діндердің теңдігін және ар-ождан бостандығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар деструктивті діни ағымдардың зияны туралы білді, олардың қоғамға және жеке адамдарға тигізетін әсерін талқылады, сондай-ақ теріс ықпалдан қорғануға көмектесетін сақтық шаралары туралы сөйлесті. Дәріскер осындай идеялардың енуін анықтаудың және алдын алудың тиімді әдістерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Qamqor-Astana» дәріскері Esil University-де зайырлы мемлекет туралы дәріс оқыды

Лекцияны аяқтай отырып, Қуатов Аруlan заманауи әлемде білім мен сыни ойлаудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер өздерін және айналасындағыларды деструктивті әсерлерден қорғауға практикалық кеңестер алды және дін мен қоғамның өзекті тақырыптары бойынша одан әрі кездесулер мен талқылауларға қызығушылық білдірді.

Жаңалықтарға