Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Академиялық адалдықтың құндылығы туралы кураторлық сағат

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасында тәрбие жұмысы аясында «Академиялық адалдық — студенттің кәсіби және жеке жауапкершілігінің негізі» тақырыбында куратор сағаты өткізілді. Куратор Медетбекова Анар студенттерге академиялық адалдықтың мәнін ғылыми тұрғыда түсіндіріп, оның оқу үдерісіндегі рөліне тоқталды.

Негізгі мәселелер:

Академиялық адалдықтың құндылығы туралы кураторлық сағат
  • өз бетінше және адал түрде оқу тапсырмаларын орындау;
  • плагиат, көшіру, бұрмалау сияқты академиялық тұрғыдан әділетсіз іс-әрекеттердің салдары;
  • адалдық — зияткерлік еркіндік пен кәсіби мәдениеттің көрсеткіші. Кездесу барысында студенттердің үлгерімге жауапты қарауының, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудың және ғылыми этиканы сақтаудың қажеттілігі атап өтілді. Академиялық адалдықты қалыптастыру мынадай қағидаттарға негізделді:
  1. Жеке жауапкершілік — студент өз еңбегінің нәтижесі үшін өзі жауап береді;
  2. Зияткерлік меншікке құрмет – авторлық құқықтарды сақтау және дереккөздерге сілтеме жасау;
  3. Сенім атмосферасы – топ ішіндегі әділеттілік пен өзара сыйластықты нығайту;
  4. Адал еңбек мәдениеті – дайын жұмыстарды көшірудің орнына мағыналы орындауға ұмтылу.

Куратор сағаты интерактивті форматта өтті: студенттер тәжірибелерімен бөлісіп, университетте сенім мен әділдік ортасын сақтау жолдары туралы пікір алмасты. Олар академиялық адалдықтың тек бағалармен шектелмейтінін, сонымен бірге болашақ маманның кәсіби беделі мен этикалық жауапкершілігіне тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Жаңалықтарға