«Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Маней Хайбар «Заңтану», «Бизнес-құқық» және «ПЭҚБ» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттеріне кураторлық сағат өткізді. Кездесу барысында сталкинг ұғымы, оның негізгі белгілері мен құқықтық салдары қарастырылды.
Сталкинг — адамның келісімінсіз жасалатын жүйелі қудалау, мазасыздандыратын назар немесе бақылау. Мұндай әрекеттер нақты өмірде де, интернет-кеңістікте де жасалуы мүмкін және жиі психологиялық қысым мен жеке шекараларды бұзумен бірге жүреді.


