«Менеджмент» кафедрасының апталығы аясында 2024 жылғы 5 қарашада магистранттар мен кафедра ПОҚ-ына «Корпоративтік бизнес және басқару: заманауи тәжірибе мен мәселелер» тақырыбында ғылыми семинар офлайн және ZOOM платформасында онлайн форматта өткізілді.
Сиксимбаева Гаухар Төлегенқызы — мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, экономика ғылымдарының PhD кандидаты, АӨК-тегі шағын, орта және корпоративтік бизнесті несиелендіру саласының практигі сөз сөйледі. Модератор ретінде э.ғ.д., профессор Шаяхметова Күлшария Оразбаевна сөз алды.


