2023 ж. 5 қазанЖаңалықтар
«Есеп және аудит» кафедрасында «Бухгалтерлік есеп лабиринттері» зияткерлік ойыны
«Есеп және аудит» кафедрасының апталығы аясында э.ғ.к., кафедраның доцент м.а. Сагиндықова Г.М. ұйымдастырған «Бухгалтерлік есептің лабиринттері» атты интеллектуалдық ойын өтті.
Іс-шараға кафедраның оқытушылық құрамы және Б-ЕжА 20/1Р мен 21/23Р топтарының студенттері қатысты. Қатысушылар ойынның үш кезеңінен өтті.
Атап өткен жөн, іс-шара қатысушыларды ойындырып қана қоймай, бухгалтерлік есеп саласындағы білімдері мен дағдыларын да тексеруге мүмкіндік берді.
Ойын қорытындысы бойынша барлық командалар құрмет грамоталары мен жүлделермен марапатталды. Бірінші орынды «Аудитор» командасы, екінші орынды «Бухгалтер» командасы иеленді.