Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Статистика» және «Есеп және аудит» БББ бойынша оқытудың инновациялық тәсілдері

9 сәуірде «Статистика» аптасы аясында «Есеп және аудит» кафедрасында «Статистика», «Есеп және аудит» ОБ бейінді пәндерін ұйымдастыру және өткізу бойынша инновациялық ұсыныстар» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ «Статистика», «Есеп және аудит» және басқа да суабаттас дайындық бағыттарының білім алушылары қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы болып Алтынбеков Миятбек Алтынбекович, PhD , Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры міндетін атқарушы.

«Статистика» және «Есеп және аудит» БББ бойынша оқытудың инновациялық тәсілдері«Статистика» және «Есеп және аудит» БББ бойынша оқытудың инновациялық тәсілдері

Семинардың мақсаты — бейіндік пәндерді оқытуға инновациялық тәсілдерді талқылау және статистика мен есеп саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде білім беру үдерісінің сапасын арттыру болды. Оқытудың интерактивті нысандарын енгізуге, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға, сондай-ақ практикаға бағытталған оқыту әдістемелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында педагогикалық инновациялардың оқу процесінің мазмұны мен нысандарын трансформациялаудағы рөлі, сондай-ақ студенттердің мотивациясын арттыру стратегиялары мәселелері көтерілді. Қатысушылар кейс-әдістерін, іскерлік ойындарды, жағдаяттық модельдеуді және «Статистика» мен «Есеп және аудит» пәндеріне қолданылатын гибридтік оқыту форматтарын қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларын интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады.

Оқу-әдістемелік семинар тәжірибе мен білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен алмасуға арналған өнімді академиялық алаңға айналды, мұнда қатысушылар инновациялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтарға