ESIL University-де бірінші курс студенттерінің АҚШ азаматы, ағылшын тілі оқытушысы Келли Вильяммен кездесуі өтті. Іс-шара ӘГД кафедрасының ағылшын тілі секциясымен ұйымдастырылып, толықтай ағылшын тілінде өтті, бұл студенттерге тыңдаушылық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Келли АҚШ-тың білім беру жүйесі туралы айтып, Испанияда, Ресейде және Қазақстанда өмір сүру мен оқыту тәжірибесімен бөлісті. Студенттер белсенді сұрақтар қойды, әсіресе Америкада оқу туралы. Қонақтың жұбайы да Астанада ағылшын тілін оқытатындығы қызықты сәт болды.


