Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

БанкЦентркредит АҚ өкілдерімен қонақ дәріс

В Esil University «Қаржы» мамандығының 2 және 3 курс студенттеріне қонақ дәріс өткізілді. Дәрісші ретінде кафедра «БанкЦентркредит» АҚ шағын бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары Жумабаева Дана Көкенқызын шақырды (Астана қ.).

Дәріс «Банктік операциялар және қызметтер (АҚ БанкЦентрКредит материалдары бойынша)» тақырыбында өтті. Дәрістің негізгі мәселелері Қазақстандағы банктердің қызметіне арналды. АҚ БанкЦентрКредиттің жетістіктері мен бағдарламаларына ерекше назар аударылды.

БанкЦентркредит АҚ өкілдерімен қонақ дәрісБанкЦентркредит АҚ өкілдерімен қонақ дәріс

Дәрісші банктің депозиттік, несиелік және өзге де өнімдері бойынша ережелер мен шарттармен таныстырып, түрлі жағдайларды шешу мысалдарын келтірді. Дәрісші пайыздық саясат мәселелеріне ерекше тоқталып, банктің сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеруін анықтайтын факторлардың ықпалын талдады.

Дәріс барысында тікелей кері байланыс орнатылды. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойды, Дана Кокенқызы оларға толық және жан-жақты жауаптар берді. Тыңдаушылар лектор жеткізген материалға қызығушылық танытты, банктің тәжірибелік қызметіндегі нақты қадамдар туралы қызықты мәліметтер алды, бұл болашақ қаржыгерлер мен банкирлердің кәсіби саладағы білімін толықтырды.

Жаңалықтарға