13 маусымда Esil University-нің кәсіптік бағдарлау тобы «URBAN COLLEGE» колледжінің бітірушілерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара студенттерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білімін жалғастыру мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.
Кездесу барысында университет өкілдері Esil University-де оқудың артықшылықтары, қабылдану шарттары, бакалавриат білім беру бағдарламалары және гранттық мүмкіндіктер туралы баяндады.

