2025 ж. 3 маусымЖаңалықтар
Esil University «Ұлы тұлғалар» кітабының тұсаукесеріне қатысты
3 маусымда «Rixos President Astana» қонақүйінде «President» халықаралық газетінің қолдауымен жарық көрген Э.У. Сегізбаеваның «Ұлы тұлғалар» «President» атты халықаралық деңгейдегі кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Халықаралық дипломатиялық корпус төрағасы Дуэйн бастаған бірқатар елдердің елшілері, қоғам қайраткерлері, Ардагерлер кеңесінің генералдары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, демеушілер және автордың жақтастары қатысты.


Семинар жұмысына Esil University-дің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Досанова А.Ж. қатысты. Кеш Қ.Қ. Тоқаев бастаған сегіз елдің президенттерінің өмірбаяны жинақталған Элмира Үсенқызы Сегізбаеваның кітабының мақсатын және қысқаша мазмұнын таныстырумен басталды.
Содан кейін әрбір елдің елшілері мен қоғам қайраткерлері құттықтау тілектерін айтты, ал арнайы медальдар Абай Болекбайұлы Тасбұлатов, Оразқұл Асанғазы, Иса Қазбек және т.б. сияқты белгілі тұлғалар тарапынан авторға және демеушілерге табысталды.