Esil University Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 30 жылдығына арналған «Ұлттық валютаның тұрақтылығы мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның бірлескен ұйымдастырушысы болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Esil University ректоры, э.ғ.д. Аяпберген Таубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров, «ASTWA» ЖШС (Польша) бас директорының орынбасары Артур ЛУНЕВСКИ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің басқарма төрағасы — ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов қатысты.
Конференция барысында Ұлттық банктің бірінші Төрағасы Ғалым Байназаров мен экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Мақыш редакциясымен жазылған «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметін ұйымдастыру» оқулығы таныстырылды. Авторлар қатарында сонымен қатар э.ғ.к., ассоциацияланған профессор, «Бизнес және басқару» факультетінің деканы Гүлжан Алина да бар.
«Оқулықта Қазақстан Ұлттық банкінің қалыптасу және даму тарихы, оның қызметін ұйымдастыру, мақсаты, функциялары, міндеттері мен операциялары қарастырылады, төлем жүйесінің өзекті мәселелері ашылады. Кітап 14 тараудан тұрады және экономикада, қаржы мен банк салаларында реформалар жүргізу процесінің аса күрделі мәселелерін, олардың нәтижелерін ашады», — деп атап өтті Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.
Бұдан басқа, Берік Бейсенғалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың атынан қатысушыларды теңге валютасының 30 жылдығымен құттықтады.
«Бұл ғылыми ынтымақтастық ұлттық қаржы-несие жүйесін дамытудың өзекті бағыттары бойынша тағы да немало жарияланымдар шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстан 30 жыл ішінде инновациялар, цифрландыру және қазақстандықтардың өмір сапасын арттыратын финтех-өнімдерін жасауда тарихи жаңалық жасады. Теңгеміздің экономиканың тұрақты дамуында маңызды рөл атқаруын және болашақта сәтті инвестициялық валютаға айналуын тілеймін», — деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты құттықтады.