Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Орал мемлекеттік заң университеті ынтымақтастық туралы шарт жасады

Esil University және Ресейдің В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы шарт жасады.

Қол қойылған құжатқа сәйкес серіктестер бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірді, оның ішінде қос дипломды бағдарламалар, магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

Esil University мен Орал мемлекеттік заң университеті ынтымақтастық туралы шарт жасады

Сонымен қатар, келісімде тәжірибе алмасу, бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықтың өзге де нысандары көзделген.

Жаңалықтарға