Қолданбалы ғылымдар факультетінің барлық курс старостасы үшін «Таза сессия» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті. Жиынға студенттермен жұмыс жөніндегі декан Шынар Күнгелдіқызы және қолданбалы ғылымдар факультеті деканатының әдіскері Айткүл Әбубәкір қатысты.
Кездесу барысында академиялық адалдық принциптерін сақтау, емтихан сессиясы кезіндегі студенттердің жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ сынақтар мен емтихандарды тапсыру кезінде бұзушылыққа жол берілмейтіндігі туралы негізгі мәселелер қарастырылды. Академиялық топтарды ақпараттандыруда және оқу процесінің ашықтығын сақтаудағы топ жетекшілерінің рөліне ерекше назар аударылды.


