Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Наурыз – жыл басы» кураторлық сағаты өтті

В Esil Университетте куратор Асқарова Т.М. жетекшілігімен «Статистика» білім беру бағдарламасының Б-СТ-25/1 К курс студенттерімен Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз жыл басы» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараға кафедраның ПОҚ-тары: Бекжанова Т.Қ., Шаяхметова Қ.О., Алтынбеков М.А., Айтхожина А.Е., сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі декан Шынар Күнгелдіқызы және декан орынбасары Тоғжан Маратовна қатысты.

Esil University-де «Наурыз – жыл басы» кураторлық сағаты өтті

Студенттерде қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне құрмет тәрбиелеу мақсатында Наурыз мерекесіне арналған ашық сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — студенттерді Наурыз мерекесінің тарихы мен мәнімен таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ халықтың мәдени мұрасына деген патриотизм мен құрметті қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында студенттер Наурыз мерекесінің тарихы мен оны тойлау дәстүрлері туралы білді: наурыз көже дайындау, ұлттық ойындар өткізу, бата алу және қазақ қонақжайлылығын таныту. Оқытушылар бұл мерекенің табиғаттың жаңғыруы, достық және халық бірлігінің символы ретіндегі маңызы туралы айтып берді.

Іс-шара аясында мерекеге арналған өлеңдер, әндер және шағын сахналық қойылымдар ұсынылды. Студенттер викторинаға белсене қатысып, ұлттық дәстүрлер туралы білімдерін көрсетті, халық әндері мен биін орындады. Сондай-ақ ұлттық заттар мен дәстүрлі тағамдардың шағын көрмесі ұйымдастырылды.

Жаңалықтарға