22 сәуірде «Экономика және маркетинг» кафедрасы Мансап аптасы аясында студенттердің жұмыс берушілермен кездесуін ұйымдастырды. Іс-шара «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі. Қазақмыс компаниясы» тақырыбына арналды.
Лекция мен презентациямен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС филиалының қаржы директоры Алихан Бабасов сөз сөйледі. Ол студенттерге елдің тау-кен өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарының бірінде жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы айтты, компанияның негізгі қызмет бағыттарын белгіледі, сондай-ақ жас мамандарға қойылатын өзекті талаптарға назар аударды.


