Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де халықаралық мәмілелерді құқықтық қорғау бойынша халықаралық конференция өтті

Esil University-де «Жаһандану жағдайындағы халықаралық мәмілелер мен шарттарды құқықтық қорғау» атты Бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ұйымдастырушылар ретінде Esil University және Бірінші экономикалық арбитраж шықты. .

Конференцияға Қазақстан, Қытай және Ресейден жетекші ғалымдар, заңгерлер мен практикалық мамандар жиналды. Талқылаудың орталығында халықаралық мәмілелерді құқықтық реттеудің, зияткерлік меншікті қорғаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ жаһандану үрдістерінің халықаралық коммерциялық қатынастарға әсері болды.

Esil University-де халықаралық мәмілелерді құқықтық қорғау бойынша халықаралық конференция өттіEsil University-де халықаралық мәмілелерді құқықтық қорғау бойынша халықаралық конференция өтті

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Маргарита Одинцова талқыланған тақырыптардың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық деңгейде бизнес мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру қажеттілігін баса айтты.

Конференция жұмысы халықаралық мәмілелердің құқықтық аспектілерін, дауларды шешу практикасын, сондай-ақ жаһандық саяси және экономикалық өзгерістердің бизнес жүргізуге әсерін қоса алғанда, бірнеше негізгі бағытты қамтыды.

Іс-шара шеңберінде сонымен қатар Esil University базасында құрылған құқықтық зертхананың салтанатты ашылысы өтті. Жаңа орталық халықаралық құқық саласында ғылыми зерттеулер, мамандарды даярлау және шешімдер әзірлеуге арналған алаң болады.

Қатысушылар халықаралық ынтымақтастық саласында тиімді құқықтық шешімдер жасау үшін елдер арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтарға