Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Сізді 2023 жылдың 10 қарашасында сағат 14.00-де Esil University-де өтетін Жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз.

Ярмарка университетіміздің студенттері мен түлектеріне компанияны таныстыруға, олармен тікелей байланыс орнатуға және бос орындарға үздік үміткерлерді шақыруға мүмкіндік береді.

Esil University-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Сонымен бірге, университеттің ынтымақтастық туралы шарт немесе келісім жасасуға, студенттер мен магистранттарды кәсіптік тәжірибеге жіберу туралы шарт жасасуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда дайындық курстарын өткізе отырып, мамандарды мақсатты даярлау туралы шарт жасасуға дайын екенін хабарлаймыз. Осы мақсаттарда біз екіжақты кездесулер мен кеңестер өткізуге дайынбыз.

Жәрмеңкеде мемлекеттік органдар, компаниялар, банктер мен өзге де қаржы мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары, талдау орталықтары және түлектерді жұмысқа орналастыру үшін өз жағдайларын ұсынатын консалтингтік ұйымдар ұсынылады.

Өткізу орны: Астана қ., Жұбанова к-сі, 7.

Қатысуыңызды алдын ала растауыңызды сұраймыз.

Байланыс тұлғасы: Сакеев Ербол Хамитович, Мансап орталығының директоры, қызм. тел.: +7(7172) 278571 (ішкі 198), Е-mail: esucentercareer@mail.ru

Сізді Жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға қуана шақырамыз! Болашақ ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Жаңалықтарға